Алматыда алаяқтар "несие төлеуден қысылған" зейнеткерлерді сан соқтырған

Алматы тұрғындарына "несие тарихыңызға қарамай, аз пайызбен несие алып беремін" деп уәде берген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"КТК" дерегінше, алаяқ 20 азаматты сан соқтырған. Жалпы, 10 миллионға жуық қаражатты қалтасына басқан.
Наразы жұрттың айтуынша, шетел азаматы қалада жеке кеңсе ашып, қызмет туралы әлеуметтік желіде жарнама таратқан. Қаржыдан қысылғандар тек Алматы қаласынан ғана емес, шалғай аудандардан да келген көрінеді. Несиесін несиемен жабамын дегендер қызмет ақысын да төлеп қойыпты. Дәл осылай алданғандар саны қазір 15 адамға жеткен. Ал олардың банк алдындағы берешегі 3 миллионнан бастап, 25 миллион теңгеге дейін жеткен. Не істерін білмей, сан соғып қалғандар ақыр соңы құзырлы органдарға арыз жазды.
"Алмалы ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК 190-бабы,3-алаяқтық тармағы бойынша, яғни бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицияға 13 адам ресми шағымданды. Олар жәбірленуші болып танылды. Бүгінде күдіктіні ұстауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізіліп жатыр. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады". Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
Бұған дейін елордалық спорт кешенінде темір қақпа жас жігіттің үстіне құлап, мерт қылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript