Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына қазақстандықтар баспана сыйға тартты

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда дома, аренда жилья, аренда квартиры, съемное жилье, съемный дом, съемная квартира, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 09:33 Фото: pexels
Семейде қатарластары жабылып соққығы жыққан 11 жасар оқушының отбасына қазақстандықтар 4 бөлмелі пәтер сатып алып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел азаматтары отбасына пәтер сатып алып беру үшін үш күн ішінде 35 миллион теңге қаражат жинаған. Бұл жайлы жергілікті блогер және ерікті Динара Садырбаева өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Біз пәтерді рәсімдедік. Енді сіздердің арқаларыңызда Алинұрдың өзінің пәтері бар. Атсалысқан барлық қазақстандықтарға рахмет айтамын. Мәміле өте жақсы өтті, барлығына қол қойылды, баспананы Алинұрдың өзінің атына рәсімдедік, бірақ ол 18 жасқа толмағандықтан, оның орнына әкесі қол қойды",- деп жазды ол.

Айта кетсек, 2025 жылдың 24 ақпанында әлеуметтік желіде Семейдегі жасөспірімдердің өздерінен төмен сыныпта оқитындарды қалай ұрып-соғып, қорлайтынын сипаттаған видео пайда болды.

25 ақпанда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмысты талқылағанын айтты.

Ал, 26 ақпанда соққыға жығылған Семейдегі №9 мектептің директоры жұмысынан босатылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: