Алматыда полицейлерден қашқан мопедист жолда қауіп туғызды
Сурет: Instagram/krisp_almaty
Алматыда полиция мопед жүргізушісін іздеуде. Құқық бұзушы полицейлерден қашып, жол қатысушыларына қауіп туғызған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның бейнесі желіде кеңінен тарауда. Куәгерлердің айтуынша, жағдай Сүйінбай даңғылында болды. Мопед жүргізушісі автобус жолағымен жоғары жылдамдықта келе жатып, артынан қуып келе жатқан полиция көлігі жанына жеткенде, дереу кері бұрылып, жолдың қарсы бетіне өтіп кетеді. Осылайша, мопедист өзінің ғана емес, өзге де жол қатысушыларының өміріне ашық түрде қауіп төндірді.
Алматы полициясы оқиғаға түсініктеме берді. Белгілі болғандай, бұл жайт мопед иелерінің жаңа талаптардың сақталуын бақылау бойынша жұмыс аясында болған.
"Жүргізуші тоқтатудың заңды талабын елемеді және қауіпті бұрылыстар жасай отырып, жол қозғалысына қатысушыларға ашық қауіп төндірді...Жүргізуші міндетті түрде анықталып, оған қатысты заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады. Біз барлық мопед иелерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін тағы бір мопед жүргізушісін қуған полицейлердің әрекеті желіде тарап кеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript