Ақмола облысында қиын жағдайға тап болған үш жасар бала құтқарылды

Ақмола облысы Атбасар қаласында 2022 жылы туған бала көп қабатты тұрғын үйдегі өз пәтерінде қамалып, жалғыз қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шақыру орнына келген ТЖМ құтқарушылары үш сатылы баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді. Бала анасымен аман-есен қауышты", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ тұрғындарды өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қараусыз қалдырмауға шақырады!
Бұған дейін петропавлдық полицейлердің орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар баланың мерт болуына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеуді неге тоқтатқандарын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript