Петропавл маңындағы бір ауылдың халқы эвакуациялануда

Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды. Елдімекендегі дамбыны нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады", делінген СҚО өңірі әкімдігінің хабарламасында.
Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды: Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана.
Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде.
"Барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз. Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда", делінген хабарламада.
Айта кетсек, СҚО-да Есіл өзенінің кенерінен асу қаупі бар. Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл мен Қызылжар ауданындағы су тасқынына қатысты ахуалды баяндаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript