"Ақорда" резиденциясында То Ламды қарсы алу рәсімі өтті

"Ақорда" резиденциясында 2025 жылғы 6 мамырда елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz
Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz
Еске салсақ, Тоқаев 2025 жылғы 5 мамыр кешке елорда әуежайында Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын қарсы алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript