ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде кейуананы қолына көтеріп алып шықты

ТЖМ құтқарушылары кейуананы қолына көтеріп алып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 14:15 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 6 мамырда Талдықорған қаласында Мүшелтой шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4 қабатындағы пәтердің балконы мен ас үйінде өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, жалын 5 қабаттағы екі балконға және ас үйге ауысқан.

"Келген өрт сөндіру бөлімшелері 36 адамды, оның ішінде 7 баланы түтін толған кіреберістен жедел эвакуациялады. Егде жастағы әйелді қолға көтеріп шығаруға тура келді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер 27 метр шаршы алаңды шарпыған тілсіз жауға 20 минут ішінде төтеп берді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен ер адамның екі аптадан бері табылмай жатқандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: