Еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, күн райы бұзылады: ТЖМ мәлімдеме жасады

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн күркірейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ найзағай кезінде ел азаматтары өздерін қалай ұстауы керектігін ескертті:
Үйде:
- терезелер мен есіктерді жабыңыз;
- электр құрылғыларын өшіріңіз.
Көшеде:
- ғимартқа кіріңіз;
- металл қорғаныш жабындысы мен ағаштың астында тұрмаңыз;
- көлікте болыңыз;
- мотоциклден/велосипедтен түсіңіз;
- қолшатырды ашпаңыз;
- ұялы телефонды сөмкеге салыңыз;
- киімге металл аксессуарларды тағуға болмайды.
Табиғатта:
- биік ағаштардың астына тығылмаңыз;
- жар секілді көлегей ойпаттарды паналаңыз;
- су қоймаларынан аулақ болыңыз.
"Найзағай жарқылдаған сәтте күн күркіреу қатар жүрсе, онда найзағайдың ошағы жақын тұста деген сөз", – дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін төтеншеліктер жер сілкінісі кезінде жасалатын қажетті 10 қарапайым қадаммен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript