Ақтөбеде газ жарылған үйдің тұрғындары көмек сұрауда

Ақтөбеде газ жарылған үйдің тұрғындары көмек сұрауда , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 12:46 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде газ жарылған көп пәтерлі үйдің бір подъезін сарапшылар апатты деп таныды. Бірақ қалпына келтіріп жөндеуге болады деп отыр. Сондай-ақ көршілес қос подъездің 30 шаңырағы да қайта жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың қақ ортасындағы үйде тұрып келген 45 шаңырақ әзір баспанасына орала алмайды. Көбі әкімдіктің уақытша орналастырған жатақханасында тұрып жатыр.

"Тексеру нәтижесі бойынша апат жағдайда деп, тек бесінші подъезд танылды. Оны шұғыл түрде бұзып, кейін қайта қалпына келтіру қажет. Қабырғалас орналасқан 4-ші және 6-шы подъездерге демонтаж және монтаж жұмыстары аяқталған соң, түйісу орындарын тексеріп, қалпына келтіріледі. Қалған подъездер жарамды күйде, жөндеу талап етілмейді". Арсен Қабылғалимов, «ҚазИнженерингЦентр» ЖШС бас инженері

Осыдан тура екі апта бұрын үйде газ жарылып, 39 жастағы пәтер иесі қаза тапты. Қайтыс болған тұрғын пәтерін жөндеп жатқанда газ баллонын пайдаланғаны айтылған. Бірақ осы күнге дейін баллон табылмаған. Оның әдейі газды ашып қойып суицид жасауы мүмкін деген болжам да айтылады. Бірақ қылмыстық істі қозғаған төтенше жағдайлар департаментіндегілер оқиға орнында толық тексеру жүргізіп үлгермеген. Енді қауіпті деп танылған үш подъезді қалпына келтіргенге дейін 45 отбасы Есет батыр ықшам ауданындағы үйге көшіріледі. Жөндеу аяқталғанға дейін сонда тұрады. Шенеуніктер әкімдік меншігіндегі үйдің 45 пәтерін дайындап, жиһазына дейін реттеп қойдық деп отыр.

"Ақтөбе қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі бар пәтерлер ол Есет батыр ықшам ауданында орналасқан. Толықтай қанша уақыт қажет етеді, яғни бұл жұмыс қашан толық бітеді, сол уақытқа дейін сол үйлерде тұрады. Біз де жоба құжаттамасы толық жасайтын боламыз. Ол демонтаж және монтаж жұмыстарына". Азамат Бекет, Ақтөбе қаласының әкімі

Бұған дейін Оралда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: