Жол үстінде жүрген балақай: Ақтөбеде түсірілген бейне желіде қызу талқыға түсті

Дорожно-транспортное происшествие с детьми, ДТП с детьми, авария с ребенком, ДТП с ребенком, детский самокат, сбитый ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 16:44 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде бейнебақылау камераларына кішкентай қыздың ата-анасының қарауынсыз жол жиегінде жүрген сәті түсіп алған. Ол бірнеше рет тас жолға да шығып кеткен. Абырой болғанда, жүргізушілер дер кезінде баланы байқап, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазба авторы жариялаған видеоның астында желі қолданушыларына мынадай сұрақ қойылған: "Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда кім кінәлі болады? Жүргізушілер ме, әлде ата-аналар ма?"

Бейне Қазнетте қызу талқыға түсті. Дегенмен, көпшіліктің пікірінше мұндай жайтта ата-ана кінәлі.

Аталған жағдайға Ақтөбе облыстық полиция департаменті де пікір білдірді. Мамандар кішкентай баланың көлік қозғалысы тығыз жолға жүгіріп шыққан сәті бейнеленген видеоны зерттегенін айтты:

"Жүргізушілердің сақтығының арқасында қайғылы оқиға болмады – ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл оқиға тіркеліп, полицияның бақылауына алынғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, баланың ата-анасы (заңды өкілдері) анықталып жатыр. Олармен қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық әңгіме өткізіледі", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандар келесідей ескерту жасады:

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен заңды өкілдердің тікелей міндеті. Әсіресе көлік жолдарының маңында кішкентай балалар ересектердің үнемі бақылауында болуы керек".

Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: