Алматы облысында екі адам пойыздың астында қалды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 14:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылы 23 маусым күні кешке Алматы облысындағы Ақсеңгер-Бурундай учаскесінде пойыз екі адамды қағып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтіп, локомотивтің сигналдарына жауап бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі пойыз машинистінің шұғыл тежеуді жасағанын, алайда қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын түсіндірді:

"Олар локомотивтен келген сигналдарға жауап бермеді. Арақашықтық аз болғандықтан соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Тергеу жүріп жатыр".

Мамандар халыққа теміржолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы да еске салды.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі Алматы-1 стансасындағы желілік полиция бөлімі бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғағанын қосты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: