Павлодарда таңертең алапат өрт болды

Өрт, Павлодар, ЖШС, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 11:01 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылғы 5 шілдеде Павлодарда қалалық ЖШС-нің бірінің аумағында өрт сөндірілді. Өрт шамамен 1500 шаршы метрді қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 112 пультіне қоңырау таңғы бесте келіп түскен. Өрт Павлодар қаласы Космонавтов көшесіндегі ЖШС аумағындағы екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешеннен шыққан. 

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде от тарап кеткен. Оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылды", делінген министрлік хабарламасында.

Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен күрделене түсті. Сондай-ақ, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті.  

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 08:22-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетсек, 2025 жылғы 3 шілдеде Астанадағы мейрамханалардың бірінде өрт шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: