Алматы облысындағы Ақсай өзеніне құлап кеткен әйелді полицейлер құтқарып қалды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 16:56 Фото: Zakon.kz
Қарасай ауданында учаскелік полицейлер Ақсай өзеніне аяғы тайып, құлап кеткен әйелді құтқарып қалды.

Абай ауылының 59 жастағы тұрғыны өлім аузынан аман қалды: әйел абайсызда аяғы тайып кетіп, Ақсай өзенінің арнасына құлап кеткен.

Ағысы қатты өзеннен және биік жардан өз бетімен шыға алмаған. Көмекке шақырған дауысын естіген азаматтар дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Әмірбек Бөбекбай, Мақсат Әбдірайымов және Ахан Ахметов жедел жеткен.

Әйелдің су жағасындағы бұтаққа бар күшімен жабысып тұрғанын байқаған тәртіп сақшылары дереу құтқару операциясын бастады.

Аға лейтенант Бөбекбай арқанмен түсіп, жәбірленушіні байлап, кейін әріптестері екеуін де қауіпсіз биіктікке көтерген. Полиция қызметкерлерінің сәтті әрекетінің арқасында әйел зардап шеккен жоқ. Ол инспекторларға кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: