Қарағандыда полиция ауладан скутер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 14:55 Фото: Zakon.kz
Оқиға 29 жастағы қала тұрғынының шағымынан кейін белгілі болды. Ер адам түнгі уақытта көпқабатты үй ауласында қалдырған скутерінің жоғалғанын таңертең байқап, дереу полицияға жүгінген.

Жәбірленуші тәртіп сақшыларына көлік құралының нақты сипаттамасын және айрықша белгілерін ұсынып, келтірілген шығынды 150 мың теңгеге бағалаған.

Аталған дерек бойынша дереу жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, Киров полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстады.

Ол – осы ауданда тұратын 30 жастағы азамат болып шықты. Тергеу барысында күдікті скутерді ұрлағанын толық мойындады.

Заттай дәлел – скутер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомотокөлік құралын заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: