Қазақстанда жанармай тасымалдайтын контрабандалық жерасты жолы анықталды

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина, нефтедобывающее оборудование, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 09:49 Фото: unsplash
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, ҚМА және ҰҚК облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: