Каспий теңізінде қатты жел тұрып, жағалаудан алыстап кеткен бес адам құтқарылды

Каспий теңізі, жағалау, бес адам, құтқару, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 21:55 Сурет: pixabay
Ақтау қаласында "Бриз" яхта-клубы ауданында, Каспий теңізінің жағалауында үгіт-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, SUP-тақтаны пайдаланған бес адамды қатты жел теңіз ортасына қарай алып кеткен. Жағалаудан 2,5 шақырым қашықтыққа барып қалған олар өз бетінше кері орала алмаған. 

"Бесеуі де жағаға аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ бұл ретте мыналарды еске салады:

  • дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болыңыз;
  • құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз және ауа райын үнемі қадағалаңыз.

Бұған дейін Ыстықкөлде боксшы суға батып кетіп, Бақыт Сәрсекбаев мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: