Қазақстан болат дайындамаларды экспорттауға тыйым салды

Бұйрық 2025 жылдың 26 шілдесінде күшіне енді.  Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың желтоқсан айында осындай тыйым салынғанын хабарлаған едік., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 09:03 Сурет: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 17 шілдедегі "Болат дайындамаларының экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды енгізді:

  • құйма немесе басқа да бастапқы пішіндегі шойын және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы шойыннан басқа),
  • темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар.

Тыйым отандық металлургиялық кәсіпорындарды жоғары қосылған құны бар орта және жоғарғы өңдеу сатысындағы дайын өнімдер шығарумен болат өнеркәсібін кеңейтуге ынталандыру аясында енгізіліп отыр, деп түсіндірді министрлік.

Бұйрық 2025 жылдың 26 шілдесінде күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың желтоқсан айында осындай тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: