Талдықорғанда дөнерхана жарылысының алды алынды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
6 тамызда Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында дөнер пісіретін контейнер типтес нысаннан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 30 шаршы метр алаңдағы өртті тез арада сөндірді.
"Сондай-ақ құтқарушылар өртенген нысан ішінен екі газ баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін ТЖМ қолайсыз ауа райына байланысты ел тұрғындарына ескерту жасағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript