Қарағанды облысында тауға барған турист алты метр биіктіктен құлаған

Жедел жәрдем, Қарағанды облысы, тау, биіктен құлау, турист, Бектау-Ата шатқалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 20:31 Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата шатқалында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шегуші 1996 жылғы әйел адам болып шықты. Ол "Әулие-Ата" таулы аймағында серуендеп жүріп, шамамен 6 метр биіктіктен құлап кетіп, жарақат алған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел адам бір орнынан қозғала алмаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны жерде жатқан күйінде тауып, медициналық зембілге жатқызып, арнайы белбеулермен бекітті. Кейін таудың етегінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне дейін жаяу жеткізді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта әйел Балқаш қалалық ауруханасында ем қабылдауда.

Бұған дейін Талдықорғанда дөнерхана өртеніп, газ баллондары жарылысының қаупі туындағанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: