"Автомат пен пышақ ": Алматы полициясы Сайран маңындағы топтық төбелеске қатысты пікір білдірді

Служебное оружие, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 16:48 Фото: Zakon.kz
Алматыда 26 тамыз күні таңертең Сайран көлі маңында жаппай төбелес тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жастар арасындағы қақтығыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

"Бүгін таңертең Алматыдағы Сайран су қоймасына қарама-қарсы орналасқан мекемеде жаппай төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, қатысушылардың бірінде Калашников автоматы, ал екіншісінде пышақ болған", – делінген ақпаратта.

Қалалық полицияның мәліметінше, жастар арасындағы топтық қақтығыстың алдын Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алды.

"Жедел жолмен алынған ақпараттың арқасында әрекеттер дер кезінде тоқтатылды. Барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Тінту барысында қатысушылардың бірінен сырттай Калашников автоматына ұқсайтын, айналаға қауіп төндірмейтін муляж тәркіленді", – деп түсіндірді полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін өлім жазасына кесілген қазақстандық бостандыққа шығатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: