7 айда 176 бала көлік апатынан қайтыс болған

Дорожно-транспортное происшествие с детьми, ДТП с детьми, авария с ребенком, ДТП с ребенком, детский самокат, сбитый ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 10:01 Фото: Zakon.kz
7 айда көлік апаттарынан 176 бала қайтыс болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Әкімшілік полиция комитеті басшысының сөзінше, көп жағдайда көлік ішінде балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары яғни автокресло, адаптерлер, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктерін қолданбаудың салдарынан осындай қайғылы жағдайлар тіркеледі.

Жолды кез келген жерден кесіп өту, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету де жиі тіркеледі екен, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан түсіндіру жұмыстары күшейтіліп жатыр.

"25 тамыздан бастап еліміздегі балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Абайлаңыз, балалар!" акциясы басталып кетті. Бұл шара қыркүйектің 10-на дейін жалғасады. Шара барысында Қазақстанның барлық аумақтық бөлімдері мен құқықтық ағарту жұмысы белсенді түрде жүргізіледі." Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: