Астанада полицейлер құрылыс нысанындағы ірі ұрлық қылмысын әшкереледі

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 13:02 Фото: Zakon.kz
Елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде ұрлық дерегі тіркелді. Күдіктілер кірпіш қабырғаны бұзып, ғимарат ішіне заңсыз кірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қылмысқа қатысы бар адамдардың жеке тұлғаларын анықтады.

Тергеу нәтижесінде қылмысты төрт ер адам жасағаны белгілі болды. Олардың бірі осы нысанда бұрын жұмыс істеп, құрылыс жабдықтары сақталатын орындардан хабардар болған.

Барлық күдіктілер қолға түсіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құны 3 миллион теңгеден асатын ұрланған құрылыс жабдықтары тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Астана полициясы азаматтар мен ұйым басшыларына мүлікті қорғаудың қосымша шараларын қабылдауды ескертеді: дабыл жүйелерін орнату, бейнебақылауды пайдалану, күзет компанияларымен келісімшарт жасау және қымбат жабдықтарды қараусыз қалдырмау қажет.

Тек осындай бірлескен алдын алу шаралары ғана ұрлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: