Әйелдің денесі мен ес-түссіз полицей табылған іс бойынша ІІМ пікір білдірді
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2025 жылғы 1 қазанда Қарағандыдағы тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ІІМ өкілі бұл оқиға бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты.
"Біз бұл іске Ішкі қауіпсіздік департаментін қостық, сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта, дәл бүгін, сот-медициналық сараптама өткізілуін күтіп отырмыз. Сондықтан осы оқиғаға байланысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", – деді Әділов.
Ол қажет болған жағдайда және аумақтық полиция департаментінің қандай да бір лауазымды тұлғаларының кінәсі дәлелденсе, оларға қатаң тәртіптік шара қолданылатынын айтты.
Еске салайық, бүгін, 1 қазанда Қарағандыдағы тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript