Өскеменде прокурор қызметінен босатылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Өскеменде прокурор қызметінен босатылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 12:40 Сурет: Facebook/ШҚО прокуратурасы
Өскемен қаласында прокурор мас күйінде көлік айдап, жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін қызметінен босатылып, шенінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде "Өскемен қаласының прокуроры Вилори Пан көлік жүргізіп келе жатып, жарық шам тірегіне соғылып, полицейлерден жасырынуға тырысқан. Сараптама оның қанынан алкоголь мен марихуана анықтаған" деген ақпарат тарады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұл деректерді нақты растамағанымен, келесіні хабарлады:

"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" заңының талаптарына сәйкес, құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекет жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Пан В. Б. қызметінен босатылып, "1-сыныпты заңгер" шенінен айырылды", – делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Сондай-ақ 3 қазан 2025 жылғы арнаулы әкімшілік соттың қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бұл соңғы уақытта прокуратура органдарында болған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, 17 қыркүйекте Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаевқа қатысты қызметтік тергеу басталып, ол уақытша қызметінен шеттетілген болатын. Ал 28 қыркүйекте Рудный қаласының прокурорының қамауға алынғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: