Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты 30-ға жуық жүргізуші кері қайтарылды

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Polisia.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 09:22 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Температураның төмендеуі мен жаңбыр аралас қардың жаууы жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етуде. Осыған байланысты облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда полиция жасақтарының саны арттырылып, 26 автопатруль мен 55 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Патрульдік полиция өкілдері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қала сыртына шығуына шектеу қойып отыр. Әсіресе Қарағанды – Астана бағыты бойынша бақылау күшейтілген.

Теміртау – Астана трассасында жазғы дөңгелекпен жүрген 30-ға жуық жүргізуші кері қайтарылған.

"Бұл шара ең алдымен жүргізушілер мен жолаушылардың өмірін қорғауға бағытталған. Кеше облыста жауын болса, бүгін ауа температурасы –14 градусқа дейін төмендеді. Кейбір жол учаскелерінде көктайғақ байқалады. Сондықтан қабылданып жатқан шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Сондай-ақ облыс орталығында ауа райының қолайсыздығы мен жазғы дөңгелектердің пайдаланылуы салдарынан 50-ге жуық ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: