"Роскосмосқа" тиесілі 18 жүк көлігі жөндеу жұмыстары үшін Байқоңырға келді

Космодром Байконур, Байконурский космодром, ракета, ракеты, запуск ракеты, запуск ракет, космический комплекс Байконур, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 10:12 Фото: АО "ЦЭНКИ"
Байқоңыр ғарыш айлағына 31-ұшыру алаңындағы қызмет көрсету кабинасын қалпына келтіруге арналған бөлшектер мен жабдықтар тиелген 18 ірі жүк көлігі жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жөндеу жұмыстарына "Роскосмос" кәсіпорындарының 130-дан астам қызметкері тартылған. Олар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, екі ауысыммен – таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін еңбек етуде.

Жұмыстардың бекітілген кестесі қатаң бақылауда екені атап өтілді.

"Кабинаға арналған құрамдас бөлшектер аумағы 13 мың шаршы метрден асатын ғимаратта орналастырылған. Қазіргі уақытта бөлшектерді өңдеу және бояу жұмыстары басталды. Дайын болған сайын олар ұшыру алаңына жеткізіледі, жабдықтың бір бөлігі қазірдің өзінде сол жерде тұр. Бөлшектерді өңдеп, бояу аяқталғаннан кейін мамандар кабинаны құрастыруға және дербес сынақтар жүргізуге кіріседі", – деп түсіндірді "Роскосмос" өкілдері.

Бұған дейін Ресейдің мемлекеттік корпорациясы соңғы ұшыру кезінде зақымданған платформаны толықтай ауыстыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, Ресейдің адам басқарылатын ғарыш бағдарламасын ұзақ уақытқа тоқтатуы мүмкін апат 2025 жылғы 27 қарашада орын алған.

Зақымданған ұшыру кешені – "Союз" зымырандарын Халықаралық ғарыш станциясына адаммен бірге ұшыруға арналған жалғыз нысан болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: