Алматы – Бішкек тас жолындағы қайғылы жол апаты: Үндістаннан келген тағы бір студент көз жұмды

Алматы – Бішкек тас жолындағы қайғылы жол апаты: Үндістаннан келген тағы бір студент көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 14:54 Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы – Бішкек тас жолында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны үш адамға жетті. Ауруханада үшінші үндістандық студент көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 9 қаңтарда Астанадағы Үндістан елшілігі мәлімдеді:

"2026 жылғы 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан, 2001 жылғы 13 наурызда туған Рахул Ядавтың бүгін таңертең көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оның мәйітін еліне жеткізу мәселесі ұйымдастырылып жатыр".

Дипломатиялық өкілдік сол жол апатында қаза тапқан тағы екі үндістандық студент — Каран Пармар мен Риширадж Байраттың мәйіттері бүгін Үндістанға жөнелтілгенін де хабарлады.

Сондай-ақ Астанадағы Үндістан елшілігі қаза тапқандардың отбасыларына тағы да көңіл айтты.

Қайғылы жол апаты 2026 жылғы 6 қаңтарда таңертең Алматы маңында болған. Көлікте Үндістанның бес азаматы — Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының төрт студенті және бір турист — Шымкенттен Алматыға қарай келе жатқан. Елшіліктің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі студент оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілген.

Алматы облысы Полиция департаменті 8 қаңтарда бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала деректерге сәйкес, 33 жастағы Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Екі жолаушы кейін ауруханада қайтыс болып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: