Астанада 15 қаңтарда бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер ертең, 15 қаңтарда Астанада күн аяздап, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты елордалық білім басқармасы оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", деп хабарлады елордалық білім басқармасы.
Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК мамандарының болжамынша, 15 қаңтарда Астанада күн суытып, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Сынап бағаны түнде -25…-27°С, күндіз -18…-20°С аязды көрсетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript