Атырау қаласында мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқытуға көшеді

Көктайғақ, Атырау, мектеп, оқушылар, қашықтан оқыту , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 21:39 Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласында мектептер уақытша қашықтан оқытуға көшеді. Бұған өңірдегі қолайсыз ауа райы түрткі екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдеттегі режимде өз жұмысын жалғастырады.

"Атырау қаласында қолайсыз ауа райына байланысты 15 қаңтар күні қаладағы 71 мектептің оқушылары онлайн форматта білім алады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, синоптиктердің болжамынша, 15 қаңтарда Атырау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүретіні, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болатыны күтіледі.

Бұған дейін, ертең, 15 қаңтарда Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайтыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: