Онлайн танысу – тұзақ па? ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады

Социальные сети, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 09:11 Фото: unsplash
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 26 қаңтарда қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде жарияланатын белгілі бір сипаттағы хабарландырулардың қауіптілігі туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін.

Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.

Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:

  • белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;
  • өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;
  • ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;
  • қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.

Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:

  • интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;
  • жеке фотосуреттерді жібермеу;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;
  • күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: