Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.  Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.   2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.   2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.  2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.   2021-2022 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.  2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.  2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 15:31 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Тиісті құжатқа 27 қаңтар күні президент қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", – деп жазылған ресми құжатта.

Ертаев Асқарбек Маратұлы – 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

2024-2025 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: