Шымкентте адам өлтіру фактісі тіркелді: Күдіктіні ұстау кезінде полиция қару қолданды
Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында адам өлтіру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 қаңтардағы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, күдікті өзара кикілжің салдарынан әйелге пышақ жарақатын салған. Жарақаттан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмған.
"Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Күдікті дереу ұсталды. Ұсталған кезде күдікті қарумен қарсыласқандықтан, заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері қызметтік қаруды қолданды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кетейік, 28 қаңтарда Жаңаөзенде де медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерді өлтірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript