Жаңа туған сәби санавиация көмегімен өңір орталығына шұғыл жеткізілді

Тікұшақ, ТЖМ, Жетісу облысы, Жаркент, Талдықорған, жаңа туған сәби, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 15:37 Сурет: ҚР ТЖМ
Жетісу облысында ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл тасымалдау үшін көкке көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары санавиация дәрігерлерімен бірлесіп, сәбиді Жаркент қаласынан медициналық көмек алу үшін Талдықорған қаласының медициналық мекемесіне тасымалдады, делінген министрлік хабарламасында.

"Ұшқыштар кішкентай науқасты ұқыпты және жылдам тасымалдай отырып, қала орталығына аман-есен жеткізуге мүмкіндік берді. Экипаждың үйлесімді жұмысы, борттың техникалық дайындығы және дәрігерлердің кәсібилігі баланы аман есен жеткізді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтау – Астана рейсінде дәрігер талмасы ұстаған жолаушыны құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: