Еңбек министрлігінде инватакси қызметіндегі жаңашылдықтар туралы айтылды
Фото: gov.kz
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін министрлік әкімдіктермен бірлесіп инватакси қызметін ұсыну тетігін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Бұл қызметтің сапасы мен көрсетілу жеделдігін арттыру мақсатында қолға алынған, себебі қолданыстағы талаптарда бірқатар шектеулер бар.
Мәселен, азаматтар қызметті алу үшін бір күн бұрын телефон арқылы жазылуы тиіс. Бұл олардың сапарларын алдын ала жоспарлауына және инватаксиді күтуіне мәжбүрлейді. Сондай-ақ инватакси қызметін көрсетуге арналған көлік құралдарының тапшылығы да байқалады.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.