Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Жеделхат, құттықтау, Тоқаев, Сауд Арабиясы, король, тақ мұрагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2026 10:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, делінген 2026 жылғы 22 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: