Шымкенттегі трагедия: бір подъездегі пәтерлерден төрт адам өлі күйінде табылды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Шымкенттегі Cтуденттік қалашық ықшам ауданында, алдын ала нұсқа бойынша, газдан жаппай улану оқиғасы орын алды. Бір подъездегі үш пәтерде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрші тұрған үш отбасыда газдан уланып ажал құшқандардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені - 32 жастағы келіншек. Бірі терезені ашуға талпынып құлаған студент жігіт болса, қалған екеуі оқушы қыз бен оның жеңгесі, деп жазады КТК.
Марқұм келіншек газы бар үй деп бұл пәтерге жуырда ғана көшіп келген екен. Оның артында 2,4,5 жастағы үш қызы мен күйеуі қалды. Оқиға болған уақытта жолдасы жұмыста, қыздары балабақшада болған екен. Ваннадан табылған 20 жастағы қыз газдың иісіне шағымданып жүріпті.
"Шамамен сағат 12-де қыз табылған. Пәтер иесі үйге келіп, ванна есігі бекітулі екенін анықтаған. Ол оны бұзып ашқанда шомылу үшін ваннаға түскен қыз жалаңаш күйінде табылған. Осыдан кейін учаскелік полицейге қоңырау шалынды. Осыдан кейін адамдардың барлығын сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, өзге пәтерлердің есігін бұзып ашты. Тағы өлі үш адам табылды". Ислам Файзуллаев
Шымкент қалалық полиция департаменті аталмыш іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Бұған дейін Талғарда күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript