Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік тоқтатылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 11:08 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында берешегі бар тұлғаларды анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер өткізілуде.

Патрульдік полиция қызметкерлері прокуратура және сот орындаушыларымен бірлесіп "Борышкер" профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.

Негізгі мақсат — әкімшілік қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету және берешектерді өндіру.

"Іс-шара барысында Cadillac Escalade көлік анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында бұл автокөлікке иелік ететін ұйымның 34 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде автокөлік арнайы тұраққа қойылды", — деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.

Полиция азаматтарға айыппұлдар мен өзге де берешектерді уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді. Бұл мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу мен көлікті арнайы тұраққа қоюдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: