Павлодарда алаяқтарға қарсы күрес: 98 интернет-қылмыс тоқтатылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 10:58 Фото: Zakon.kz
Павлодар өңірінде "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты — интернет арқылы азаматтарды алдап жүрген тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу.

Павлодарлық жедел қызметкерлердің нәтижелі жұмысының арқасында бүгінде интернет пайдаланушыларына қатысты жасалған 98 алаяқтық дерегі әшкереленіп, тоқтатылды.

Жуырда Павлодар қаласында алаяқтарға "көмектескен" алты адам ұсталды. Олар sim-карталарды рәсімдеп, "WhatsApp" мессенджерінде аккаунттар тіркеп, кейін оларға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берген.

Ал өз кезегінде бұл аккаунттар қазақстандықтарға қоңырау шалып, алдау мақсатында пайдаланылған. Полиция ескертеді: интернеттегі мұндай "жұмыс" — қылмысқа сыбайласу болып табылады. Ірі компаниялар ешқашан сіздің банк картаңыздың деректерін ақша "аудару" үшін сұрамайды.

Абоненттік нөмірлерді "SMM ілгерілету" үшін жалға беру туралы ұсыныстар — жалған әрі қылмыстық схема.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын сақ болуға және егде жастағы туыстарымен міндетті түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Оларға қарапайым ережелерді еске салу маңызды: Ешқандай дерек жоқ, ешқандай алдын ала төлем жоқ, ешқандай қысым жоқ!

Егер сіз алаяқтарға тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз немесе "Police.102" мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Уақытылы берілген ақпарат полицияға қылмыскерлерді анықтауға және жүздеген жаңа алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, аталған профилактикалық іс-шара 30 сәуірге дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: