Қаржылық пирамида ұйымдастырушы Грузиядан Қазақстанға қайтарылды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 11:46 Фото: pexels
Грузиядан Қазақстанға қаржылық пирамида ұйымдастырды деп күдіктелген тұлға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше,тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында бола отырып, 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 млрд теңгеден астам қаражат тартылған.

Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, алаталған күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: