Екі жылдық бакалавриат: министр заңдылығын түсіндірді

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 14:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 31 наурызда Үкіметтегі баспасөз конференциясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарға екі жылда бакалавр дипломын ұсынатын ұйымның қызметі заңды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр "Білім туралы" заңға сәйкес студенттерді оқыту және бакалавриат, магистратура немесе докторантура дипломдарын беру тек лицензиясы бар білім беру ұйымдарына ғана рұқсат етілетінін еске салды. Бұл лицензияны Ғылым және жоғары білім министрлігі береді.

"Сонымен қатар аккредитация да қажет. Жауапкершілікпен айта аламын: өздерін университет деп атайтын бұл ұйымның аккредитациясы жоқ, әрі біздің министрлік оларға лицензия берген емес. Сондықтан заң бойынша олар өздерін университет деп атай алады, бірақ толыққанды білім беру қызметін жүзеге асыра алмайды", – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, аталған ұйым құрылтайшылары өздерінің білім беру бағдарламаларын Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығына да ұсынбаған.

"Формалды емес немесе бейресми білім беру саласына жататын қайта даярлау орталықтары және лицензия талап етілмейтін басқа да ұйымдар Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Бұл кодекс бизнес құқықтарын қатаң қорғайды. Біз барып: "Сіздерге бұл қызметпен айналысуға болмайды" деп айта алмаймыз. Қазіргі жағдайда біздің мүмкіндігіміз шектеулі", – деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 26 наурызда Қазақстанның 13 жоғары оқу орны QS 2026 нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттері қатарына енгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: