ЖІӨ-нің 1%-ы: Қорғаныс министрлігінің артқан шығындары қайда жұмсалады
Фото: akorda.kz
2026 жылғы 9 сәуірде Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжілістегі кулуарда қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттыру мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер қаражаттың нақты қандай бағыттарға жұмсалатынын сұрады.
"Қаражат қару-жарақты жаңарту және жаңа түрлерін сатып алуға бағытталады. Қазіргі уақытта жаңа қару түрлері – атап айтқанда ұшқышсыз ұшу аппараттары – өндірілу үстінде. Сонымен қатар, қаражат авиациялық техника мен әуе қорғанысындағы әскери техникасын жаңартуға жұмсалады", – деді Мустабеков.
Орынбасар сатып алынатын техниканың санын әскери құпияға байланысты айтпады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Қазақстан армиясының кадрлық әлеуеті әлсірегенін атап өткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript