БҚО-да киіктер жаппай қырылуда
Фото: wikimedia/Yakov Fedorov
Сарыөзенде қалың ақбөкен суға батып, қырылған. Оқиға Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданынан анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" мәліметіне сүйенсек, мамандар бұл жайтқа "қалыпты құбылыс" деген түсінік берген. Өйткені киіктің дені қыстан кейін әлсіреп қалады.
Қазір мамандар өлекселерді жинап, жойып жатыр. Осы уақытқа дейін 1600-ден астам ақбөкен қырылған. Дәл осындай үрдіс жылда қайталанады. Кей жылдары қырылған киік саны 5 мыңнан асып түседі. Дегенмен, жануарлардан сынама алынып, зертханаға жөнелтілді.
Айта кетейік, былтыр өңірде жалпы киік саны 2 млн 300 мыңға жеткен. Келесі аптада жоспарлы санақ жүргізіледі.
Бұған дейін биыл 3300-дей қандас атамекенге оралғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript