Алматыда полиция мектептердегі қауіпсіздік деңгейін тексеріп жатыр
Фото: Zakon.kz
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері қала мектептерін аралап, өткізу режимінің ұйымдастырылуын, күзет қызметінің сапасын, сондай-ақ дабыл түймелері мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысын тексеруде.
Сонымен қатар оқу орындарының аумағына бөгде адамдардың кіруіне ерекше назар аударылып, қауіпсіздікке арналған техникалық құралдардың жай-күйі бақылауға алынады. Сонымен бірге педагогикалық ұжыммен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Полицейлер төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Полиция мәліметінше, Алматы қаласында 300-ден астам білім беру ұйымы жұмыс істейді және олардың барлығы тұрақты бақылауда. Жыл сайын мектептерде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мыңнан астам тексеріс пен нұсқама өткізіледі.
"Балалардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Біз тек формалды көрсеткіштерді емес, мектептердің кез келген төтенше жағдайға нақты дайындығын тексереміз. Әрбір қызметкер өз әрекетінің тәртібін нақты біліп, жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс. Тек осындай тәсіл арқылы балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге болады", – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.