Қарағандыда ұялы телефон ұрлығы жедел түрде ашылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 16:07 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ново-Майқұдық полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны жүгініп, өзінің ұялы телефонының жоғалғанын хабарлаған.

Оның айтуынша, ол үй ауласында отырған сәтте телефонын орындық үстіне қалдырған. Бір мезетке назарын басқа жаққа аударған кезде, құрылғының жоғалып кеткенін байқайды.

Жәбірленушінің сөзінше, дәл осы уақытта орындыққа шамамен 35 жастағы бейтаныс әйел келіп отырып, көп ұзамай асығыс кетіп қалған.

Бастапқыда мән берілмеген бұл жайт кейін тергеу барысында маңызды дерекке айналды. Полиция қызметкерлері күдіктінің сипаттамасын алғаннан кейін жедел-іздестіру шараларын бастады. Оқиға орны маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеу нәтижесінде жәбірленуші айтқан белгілерге сәйкес келетін әйел анықталды.

Оның қаладағы супермаркеттердің бірінің маңында жүргені белгілі болды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталып, ол ұсталды. Күдікті – қалаға келген 36 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.

Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған телефонды қайда жасырғанын көрсеткен. Белгілі болғандай, ол құрылғыны дүкендегі сақтау жәшіктерінің біріне жасырған.

Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: