БҚО-да көлік ұрлап, жол апатына себеп болған күдікті ұсталды

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 21:54 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының аудандарының бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралын заңсыз иемденді деген күдікпен азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 30 сәуірде аудандық полиция бөліміне Ханкөл ауылының тұрғынынан өзіне тиесілі Lada Granta автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен. Тексеру барысында бұрын сотталған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың көлік иесінің рұқсатынсыз аталған автокөлікті иемденгені анықталды.

Сонымен қатар, күдікті Орал–Ақтөбе автожолы бойымен қозғалып келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі және 611-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұған дейін Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: