Өскемендегі жарылысты Үкімет басшысы жеке бақылауына алды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 5 мамырда Үкімет отырысында Өскемен қаласында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарылыс бүгін, 5 мамыр күні Өскемендегі зауыттардың бірінің аумағында болған. Оқиға салдарынан адамдар зардап шекті.
"Өскеменде болған жарылысқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне, Экология министрлігіне және облыс әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді. Олар маған есеп береді", – деді Премьер-министр.
Сондай-ақ ол аталған оқиғаны тергеу өз бақылауында болатынын атап өтті.
Оқиғаның толық мән-жайы қосымша хабарланатын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript