Қазақстанның жеті өңірінде ыстық су уақытша өшірілуі мүмкін

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 15:10 Фото: pexels
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 2026 жылғы 5 мамырда Үкіметтегі брифинг барысында еліміздің бірқатар өңірлерінде ыстық судың уақытша өшірілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу жүйелерінде гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

"Осыдан кейін жөндеу қажет учаскелер анықталып, сол кезеңде ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстары аясында жүзеге асады. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз және қосымша ақпаратты тұрақты түрде ұсынып отырамыз", – деді вице-министр.

Журналистер нақты қай өңірлерде және қашан ыстық су өшірілетінін сұрағанымен, Есімханов әзірге нақты аймақтарды атай алмады.

"Жылыту маусымы енді ғана аяқталды, сынақтар жаңа жүргізілді. Қазіргі уақытта жеті өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары басталды. Сондықтан сол өңірлерде ыстық су уақытша болмауы мүмкін", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Астанада ыстық судың түсі жасыл болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: