ШҚО-да жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты

Жол апаты, ШҚО, Шемонаиха, Первомайский, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 19:30 Сурет: Zakon.kz
5 мамырда Шығыс Қазақстан облысында үш адам жол апатына ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz порталының мәліметінше, Шемонаиха ауданының Первомайский елдімекенінде жантүршігерлік жол апаты болды. Атап айтқанда, ВАЗ 21100 автокөлігі жол апатына ұшыраған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Жүргізуші мен көліктегі екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды", деп нақтылайды ШҚО полиция департаменті.

Қайғылы оқиғаның өзге мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

24 сәуірде "Алматы – Өскемен - Ресей Федерациясының шекарасы" тас жолының 1139 шақырымында, Глубокое ауданы, Березовка ауылының маңында Mazda мен JAC автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. JAC автокөлігігің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: