Шымкентте зейнеткер көршілеріне пышақпен шабуыл жасады
Фото: Zakon.kz
6 мамырға қараған түні Шымкент қаласындағы "Жанаталап" тұрғын алабында 70 жастағы тұрғын екі көршісіне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.TV телеарнасының мәліметінше, зардап шеккендер ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Туыстарының айтуынша, күдіктінің психикалық ауытқуы болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.
Күдікті полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"70 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында әйел адам жедел жәрдем көлігінің астына түсіп кеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript