ҰҚК арнайы жасағының бақылауымен Қазақстанға төрт күдікті жеткізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 10:54 Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 7 және 12 мамыр күндері шетелден ҰҚК арнайы жасағының бақылауымен Қазақстанға төрт азамат жеткізілді. Олар террористік сипаттағы қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

"Аталған тұлғалар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген және ҰҚК-нің іздеу бағдарлары негізінде ұсталды", – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, 2026 жылдың сәуір айында ҰҚК полиция органдарымен және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген болатын. Нәтижесінде ел аумағында автоматтар, гранатаатқыш және жүздеген оқ-дәрі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: